Алматы облысында оқушыны көлік қағып кетті

14 Қыркүйек 2021, 14:00
3014
Бөлісу:
Алматы облысында оқушыны көлік қағып кетті

Алматы, BAQ.KZ. Алматы облысында 8 жастағы баланы көлік қағып кетті. Бала алған жарақатынан көз жұмды. Бұл туралы облыстық ПД-і хабарлады.

Қайғылы оқиға болған жерде түсірілген видео instagram-дағы baiserke_region парақшасында жарияланды.

Адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы 10 қыркүйек күні Іле ауданында Қосөзен-Шелекемер тасжолы бойында болған.

Toyota автокөлігінің 23 жастағы жүргізушісі Қосөзен-Шелекемер автожолымен солтүстік бағытта кетіп бара жатып жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Ауруханаға апара жатқан жолда бала көз жұмды, - делінген хабарламада.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Өзгелердің жаңалығы