Алматы облысында мейрамхана өртенді

5 Қыркүйек 2021, 22:53
2954
Бөлісу:
Алматы облысында мейрамхана өртенді
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысында мейрамхана өртенді, деп хабарлады ҚазАқпарат. 

Өрттің видеосы әлеуметтік желіде тарады. ТЖД хабарлауынша Алматы облысы Қарасай ауданы Қырғауыл кентіндегі мейрамхана өртеніп жатқаны туралы хабарлама 5 қыркүйек сағат 17:26-да келіп түскен. «Мейрамханадан шыққан өрт сағат 18:13-де сөндірілді. 

Ғимараттың 500 шаршы метр аумағын жалын шарпыған. Оқиғадан зардап шеккендер мен мерт болғандар жоқ, - делінген хабарламада. 

Өрттің шығу себебі анықталуда.




Өзгелердің жаңалығы