Алматы облысында ұлттық ат спорты түрлерінен жарыс өтеді

20 Тамыз 2019, 02:26
5518
Бөлісу:
Алматы облысында ұлттық ат спорты түрлерінен жарыс өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 30 тамызда Алматы облысы Жамбыл ауданы «Көкбастау» ипподромында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған ұлттық ат спорты бәйге түрлерінен республикалық жарыстар өтеді. 

Алматы облысы әкімдігінен хабарлағандай, бәйгенің барлық түрлерінен жүлдеге автокөліктер мен ақшалай сыйлықтар тігіледі. 

Жарыс бағдарламасында: 25 шақырымға – аламан бәйге, 16 шақырымға – топ бәйге, 9 шақырымға – жорға аттар жарысы, 11 шақырымға – құнан бәйге жарысы және 5 шақырымға тай жарысы өткізіледі.

Сонымен қатар теңге ілу, қыз қуу, жамбы ату және аударыспақ ұлттық спорт түрлерінен көрсетілімдер  ұсынылады.


Өзгелердің жаңалығы