Бас жаңалықтар
Алматы облысында күн 43°С дейін ысиды
18 Шілде 2019, 12:14 205

Алматы облысында күн 43°С дейін ысиды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері аталған аймақта дабылды ескерту жариялады.

"Күндіз 19-22 шілдеде Алматы облысының кей жерлерінде 40-43 градус өте қатты ыстық сақталады", - деп хабарлады "Қазгидромет" РМК-да.

Дабылды ескертудің ықтималдылығы – 95-100%.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 18 шілдеде республиканың басым бөлігі антициклон ықпалында болғандықтан, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

     


Фото: ашық дереккөз

Сізден жаңалық