Алматы облысында ірі көтерме-бөлу орталығы салынады

22 Қазан 2020, 11:16
1949
Бөлісу:
Алматы облысында ірі көтерме-бөлу орталығы салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысында әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру шаралары қабылдануда. 

Биылғы жылы 2 млрд теңге бөлінді, оның 1,3 млрд теңгесі сауда нысандары мен жергілікті тауар өндірушілерді жеңілдікпен несиелендіруге, 700 млн теңгесі тұрақтандыру қорын қалыптастыруға бөлінді. Бұл туралы облыстық мәслихат депутаттарының алдында 9 айдың қорытындысы туралы есеп берген облыс әкімі Амандық Баталов айтты, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. 
Облыс басшысының сөзіне сүйенсек, 7 мың тоннадан астам азық-түлік тауарлары сатып алынып, тауарды сауда желілеріне белгіленген бағада жеткізуді қамтамасыз ететін 6 кәсіпкерлік субъектісі 1,2 млрд теңгеге несиелендірілді. 

Аграрлық өнімдерді сатып алу мен сату және «Алқаптан сөреге дейін» кооперациялық тізбегін дамытудың пилоттық жобасын жүзеге асыру мақсатында кәсіпкерлік субъектілеріне 0,01% жеңілдікпен займ беру үшін республикалық бюджеттен 1,0 млрд теңге бөлінді. Бөлінген қаржы 34 шикізат жеткізуші (қант қызылшасы) мен 5 кәсіпкерлік субъектілеріне бөлініп берілді. 

Сонымен қатар, Қапшағай қаласында қуаты 15,6 мың тонна болатын ірі көтерме-бөлу орталығының құрылысын жүргізу мәселесі Үкімет тарапынан шешімін тапты. 

КБО-ның заманауи инфрақұрылымы өнімді көп көлемде шоғырландыруға, шығынсыз сақтауға және ішкі нарыққа ғана емес, экспортқа да шығаруды ұйымдастыруға мүмкіндік береді, - деп атап өтті А. Баталов.

Өзгелердің жаңалығы