Алматы облысында коронавирустан 159 адам емделіп шықты

23 Мамыр 2020, 00:31
1215
Бөлісу:
Алматы облысында коронавирустан 159 адам емделіп шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысында тағы 9 адам коронавирустан жазылып шықты. Олар Іле және Кеген аудандарының тұрғындары, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

1972, 1973, 1976, 1979, 1988, 2000, 2001 жылы туған азаматтар және 1993 жылы туған екі тұрғын 5 мамырдан бері Қаскелең қалалық инфекциялық ауруханасында ем қабылдаған. Қазір жағдайлары жақсы, денсаулықтарына шағымдары жоқ.

Сөйтіп Алматы облысында коронавирустан 159 адам емделіп шықты.

Өзгелердің жаңалығы