Алматы облысында коронавирус анықталған адам – зейнеткер

4 Сәуір 2020, 17:57
1040
Бөлісу:
Алматы облысында коронавирус анықталған адам – зейнеткер

Алматы, BAQ.KZ. Бүгін Алматы облысында коронавирус жұқтырған оныншы адам тіркелді.

Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан мәліметте науқастың 1950 жылы туған зейнеткер екені айтылған. 

Ол жақын арада шетелде болмаған. 3 сәуірде дене қызуы көтеріліп, басы ауырып, Қарасай ауданы Мерей ауылдық дәрігерлік амбулаториясына медициналық көмекке жүгінген. Науқас қазір Қарасай аудандық орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімінде ем алуда. Онымен байланыста болған 10 адам ауруханаға жатқызылды, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бүгін коронавирус жұқтырған 25 адам тіркелді, сонымен қатар 2 адамның жұқпалы дерттен қайтыс болғаны анықталды.

Өзгелердің жаңалығы