Алматы облысында қатты сел жүріп, жолдың бір бөлігін басып қалды

11 Маусым 2021, 09:56
1503
Бөлісу:
Алматы облысында қатты сел жүріп, жолдың бір бөлігін басып қалды

Алматы, BAQ.KZ. Панфилов ауданында жауын-шашын салдарынан «Жетісу Алатау» жотасының оңтүстік беткейінің орта тау бөлігінде құрғақ сай бойымен шамамен 70.0 м3/сек болатын көлбеу ағыннан тасқын пайда болды.

Тұрғындар қатты жүрген селдің видеоларын желіге салды. Онда «Сарыөзек-Көктал» автожолының бір бөлігін су басқанын көруге болады.

Алматы облыстық ТЖД-і 9 маусым күні сағат 15.30-дан 16.00-ге дейін бұршақ пен жауын-шашын қатты жауып, салдарынан «Жетісу Алатау» жотасының оңтүстік беткейінің орта тау бөлігінде құрғақ сай бойымен шамамен 70.0 м3/сек болатын көлбеу ағынан тасқын пайда болғанын хабарлады.

Нәтижесінде, Панфилов ауданы, Көктал ауылдық округі, Ақжазық ауылы маңында «Сарыөзек-Көктал» автожолының 171 шақырымында автожол көпірінен, автожолдың жүру бөлігіне ені 700-800 метрге жуық судың шығуы байқалды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, елді мекендерді су басу қатері жоқ,-делінген хабаралмада.

Бүгінгі күні сайда су жоқ, автожол бойынша автокөлік штаттық режимде жүріп жатыр.

Алматы облысының ТЖД-сі 9 маусым күні Алматы облысының тау және тау бөктері аудандарында қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай соғып, бұршақ жауу мүмкіндігі барын хабарлаған.

Айта кетсек, 29 мамыр күні Шарын шатқалында қатты жауын салдарынан сел жүріп, екі турист қайтыс болған еді.



Өзгелердің жаңалығы