Алматы облысында каналға екі бала батып кетті

4 Мамыр 2022, 15:10
1954
Бөлісу:
Алматы  облысында каналға екі бала батып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 3 мамырда сағат 19:05-те Алматы облысы ТЖД кезекші байланыс пультіне Алматы облысы Қарасай ауданы Жандосов ауылының шетінде орналасқан суару каналына 6 және 8 жастағы екі бала батып кеткені туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына келгеннен кейін, ені 6 метр және тереңдігі 1,5 метр болатын суару каналынан туыстары 2014 жылғы қыз бала және 2015 жылғы ұл баланың денелерін алып шықты, олар тұрғын үйден 300 метр қашықтықта ойнап жүріп, ересектердің қарауынсыз қалып, суару каналына құлап, батып кеткен, - делінген хабарламада.

Оқиға орнына Алматы облысының ТЖД, полиция басқармасының және жедел жәрдем бригадасының қызметкерлері шыққан.

Суда қаза болу мен жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін Алматы облысының ТЖД ата-аналардан кәмелетке толмаған балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды. Үйлері су арналарының, өзендер мен су қоймаларының жанында тұратын ата-аналар балаларына жіті назар аудару керек, - деп ескертеді ТЖД қызметкерлері. 

Өзгелердің жаңалығы