Алматы облысында экспортқа 25 мың тонна құс еті шығарылады

3 Қаңтар 2022, 17:19
1596
Бөлісу:
Алматы облысында экспортқа 25 мың тонна құс еті шығарылады

Алматы, BAQ.KZ.  Алматы облысында құс шаруашылығымен 10 кәсіпорын айналысады, олар жылына 100 мың тоннадан астам құс еті мен 1 млрд дана жұмыртқа өндіреді. Бұл дегеніміз республикадағы барлық құс етінің 36%-ын, жұмыртқаның 20%-ын құрайды деген сөз.

Құс өнімдері облыстың және Алматы қаласының ішкі нарығын толық қамтуға жеткілікті, басқа өңірлер мен экспортқа 25 мың тонна құс еті шығарылады.

Құс шаруашылығын одан әрі дамытуды жылдық қуаттылығы 173 мың тонна ет шығаруға арналған 3 құс фабрикасын іске қосумен байланыстыруға болады, оған 200 млрд.теңгеден астам инвестиция салынды. Атап айтқанда, Ұйғыр ауданында «Прима Құс» ЖШС 36 мың тоннаға, Кербұлақ ауданында – «Кәусар Агро» ЖШС - 17 мың тоннаға және Іле ауданында – «Айтас» компаниясымен 120 мың тонна өнім өндіретін ферма іске қосылады деп жоспарланған.

Айта кетейік, қайта өңдеу саласында соңғы бес жылда 65 жаңа нысан іске қосылып, 28 өндіріс жаңғыртылды, бұл тамақ өнімдері өндірісінің 1,7 есе өсуін қамтамасыз етті.

Облыстың ішкі нарығында отандық азық-түлік тауарларының үлесі 85%-ды, импорттық өнімдер 15%-ды құрайды. Бүгінде ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеу үлесі 60%-ға дейін, кәсіпорындар қуаттылығының жүктелу деңгейі 72%-ға дейін артты.

Қазіргі уақытта агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жобасы мақұлданды, бұл ретте болашақта Алматы облысының аграрлық секторын дамытуға тың серпін беретін жалпы құны 355 млрд теңгені құрайтын 85 инвестициялық жоба іске асыру көзделуде.

Өзгелердің жаңалығы