Бас жаңалықтар
Алматы облысында болған жарылыстан бір адам қаза тапты
29 Қазан 2020, 23:31 175

Алматы облысында болған жарылыстан бір адам қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысында дәретхана қағазын шығаратын цехта жарылыс болды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Алматы облысы Ұйғыр ауданының Шонжы ауылында дәретхана қағазын шығаратын цехта қағаз кептіруге арналған қазандық жарылып, шатыр құлаған. Оқиға орнында өрт болған жоқ. Апатты жағдайдан 1983 жылы туған бір жұмысшы үйіндінің астында қалып, қайтыс болды, - деп жазылған хабарламада.
1999 жылы туған тағы бір жұмысшы түрлі жарақатпен Ұйғыр ауданының орталық ауруханасына жеткізілді. Алдын ала болжам бойынша, апатты жағдайға өндіріс технологиясының бұзылуы себеп болған.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...