Алматы облысында 137 мектеп жаңғыртыла бастады
11 Қараша 2021, 18:33 73

Алматы облысында 137 мектеп жаңғыртыла бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов айтты.

Алматы облысында «Nur Otan» партиясының 2021-2025 жылдардағы сайлауалды бағдарламасы аясында үш ауысымда оқыту мәселесін шешу үшін және бейімделген мектептердің орнына 115 мектеп салынуы тиіс. Биылғы жылы жоспарланған 17 мектептің 5400 орынды 12-сі іске қосылды, тағы бесеуі жыл соңына дейін пайдалануға беріледі -деді ол.

Әкімнің айтуынша, жыл басынан бері қолданысқа берілген 12 мектептің алтауы – жекеменшік мектеп. Бұдан басқа, 137 мектепте жаңғырту жұмыстары жүргізілуде, оған 11,3 млрд теңге бағытталған. Жыл басынан бері 9590 орынды 135 балабақша ашылды.

3-6 жастағы балаларды қамтуда биылға жоспарланған көрсеткішіміз - 99,9 процент. Оған қол жеткізу мақсатында мемлекеттік тапсырысқа қосымша 2,5 млрд теңге қарастырылды. Жалпы, облыс бойынша мемлекеттік тапсырыс көлемі 42,5 млрд теңгені құрайды, оның 34,3 млрд теңгесі - жергілікті бюджет қаражаты. Ал 2022 жылы қамту көрсеткішін 100%-ке жеткіземіз, - деді А. Баталов.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...