Алматы облысында биыл 1 млн шаршы метр тұрғын үй салу көзделген

6 Қазан 2021, 19:53
12148
Бөлісу:
Алматы облысында биыл 1 млн шаршы метр тұрғын үй салу көзделген

Алматы, BAQ.KZ. Алматы облысында құрылыс қарқыны қатты. Биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 137 жобаны іске асыру көзделген.

Аталған мақсатқа 32,1 млрд теңге қаржы қарастырылды. Оған 64 тұрғын үй салынады деп жоспарланды. Сонымен қатар, инженерлік инфраструктуралық 73 жоба іске асырылады деп бекітілген. Бұл туралы облыстық әкімдік хабарлады.

Өңірде «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде 2021 жылы 1 млн шаршы метр тұрғын үй салу көзделген. Атап айтар болсақ:

- бюджет қаражаты есебінен 191,3 мың ш. м.;
- жеке құрылыс салушылар есебінен 88,5 мың ш. м.;
- ЖТҚ есебінен (халық) 725,2 мың ш. м.

2021 жылғы қаңтар-шілде айларында 589,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, оның ішінде 17,8 мың шаршы метр баспана бюджет есебінен тұрғызылды. 

2021 жылы бюджет қаражаты есебінен 361,3 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 4 783 пәтер (568 тұрғын үй) салу жоспарлануда, оның ішінде 2021 жылы жалпы ауданы 191,3 мың шаршы метр болатын 2 603 пәтерлік 521 үйді пайдалануға беру жоспарлануда, оның ішінде:

- Несиелік тұрғын үй-жалпы ауданы 66,8 мың ш. м. 858 пәтерлік 65 үй.;
- Коммуналдық тұрғын үй-жалпы ауданы 5,0 мың ш. м. 50 жеке үй.;
- Жалға берілетін тұрғын үй – жалпы ауданы 119,5 мың ш.м. 1 695 пәтерлі 406 үй, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтары үшін – 742 пәтер, аз қамтылған көп балалы отбасылар үшін-953 пәтер қарастырылды.

Коммуналдық шаруашылықты дамытуға келсек, 2021 жылы аталған сала нысандарының құрылысына 4,3 млрд теңге бөлінді. 779,2 млн теңге немесе жоспардың 18,1% игерілді.

Ағымдағы жылы 11 нысан пайдалануға берілген. Тарқатар болсақ, олар: Ақсу ауданыныда-2, Жамбыл ауданы-1, Қарасай ауданы-2, Кеген ауданы-2, Райымбек ауданы-1, Талғар ауданы-1, Текелі қаласы-1 әкімшілік ғимарат қолданысқа өтті. Ал Нарынқол ауылындағы мұрағат «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасының шеңберінде іске қосылды. 

Аймақта білім беру нысандарын жаңарту жұмыстары да назардан тыс қалмаған. Бүгінгі күнге дейін жыл басынан 19 нысан пайдалануға берілді. 

Жалпы, 2021 жылы 41 білім беру нысанының құрылысы жоспарланған болатын. Бұған қазынадан 30,195 млрд теңге бөлінді қаржы бөлінген еді.

Айта кету керек, биылғы жылы респубиликалық және жергілікті бюджет есебінен 10 денсаулық сақтау, мәдениет және әлеуметтік қорғау нысандарының құрылысына 2,997 млрд теңге бөлінді.

Жергілікті бюджет есебінен 5 денсаулық сақтау нысанының құрылысына 1,118 млрд. теңге қарастырылған болатын. Аталған қаражатқа Балқаш ауданындағы орталық аудандық аурухана ғимаратының сейсмотұрақтылығын күшейту құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілсе, ағымдағы жылдың шілде айында Талдықорған қаласының Еркін ауылында 100 келушіге арналған ауылдық амбулатория пайдалануға берілді.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында Жамбыл ауданының Сарыбай би және Қарасай ауданының Долан ауылында 25 келушіге арналған 1 паталогоанатомиялық бөлімше қолданысқа енді. 

Ал Алакөл ауданы Ақтүбек ауылында 150 орындық ауылдық мәдениет үйінің құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілді. 

Кеген ауданының Бөлексаз, Райымбек ауданының Сүмбе, Жамбыл ауылындағы мәдениет үйлерінің құрылыс жұмыстары 2022 жылға қалдырылғандығын атап өткен жөн. 

Негізінде 2021 жылға құрылыс басқармасы бюджетінің көлемі 102,4 млрд теңгені құрады. Ағымдағы жылдың 1-ші тамызындағы жағдай бойынша 26 798,9 млн.теңге немесе 7 айдағы жоспардың 97,8% игерілді. 

Жалпы алғанда жыл басынан 48 нысан (33 тұрғын үй, 7 ИКС, 3 спорт нысаны, 4 денсаулық сақтау нысаны, 1 ішкі істер органы объектісі) пайдалануға берілді.

Өзгелердің жаңалығы