Алматы облысында балаларға арналған демалыс орны ашылады

28 Қараша 2020, 15:40
2767
Бөлісу:
Алматы облысында балаларға арналған демалыс орны ашылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысы Алакөл ауданында бұрынғы «Жалын» лагері қайта қалпына келтіріледі. Көл жағасында орналасқан демалыс орны заманауи үлгіде жаңа келбетке ие болып, даңқты «Артектен» кем болмайды. Осы істі қолға алуға облыстық бюджеттен қаржы қарастырылмақ, деп хабарлады Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Аудан, қала әкімдерінің 2021 жылға арналған жоспарлары мен шешімін күткен мәселелері жайлы баяндамаларын тыңдаған облыс әкімі Амандық Баталов Алакөл ауданының «Жалын» лагері туралы бастамасын қолдайтынын айтты. Аудан әкімінің айтуынша 2021 жылы Ақши ауылындағы балалар демалыс орнын қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу 1,6 млрд теңгені қажет етеді.

«Жалынды» қалпына келтіруді кешіктірмеуіміз керек, оған міндетті түрде қаржы бөлінеді. Бұл демалыс орны біздің өз «Артегіміздей» болуы тиіс. Біз балаларға қажетті барлық мүмкіндіктерді жасаймыз, - деді Амандық Баталов.

 

Өзгелердің жаңалығы