Алматы облысында әйелдер колониясына тыйым салынған заттар жеткізілген

27 Ақпан 2021, 02:51
1922
Бөлісу:
Алматы облысында әйелдер колониясына тыйым салынған заттар жеткізілген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысындағы әйелдер колониясына телефонға толы аяқ киім өткізбек болған азамат ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысы бойынша ҚАЖД ЛА-155/4 мекемесіне табанына бес ұялы телефон, бес сим-карта және алты қуаттау құрылғысы тығылған бәтеңке жеткізілген. Мекеме қызметкерлерінің қырағылығының арқасында сәлемдемені жеткізген азаматтың сотталғандарға пайдалануға тыйым салынған заттарды өткізуіне жол берілмей, аталған заттар табылып, тәркіленді.

Аталған факт бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабының 1-бөлігі (Қылмыстық-атқару жүйесiнің мекемелерiнде, арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға осы мекемелерде сақтауға және пайдалануға тыйым салынған алкогольдік ішімдіктерді, дәрілік және есеңгірететін әсері бар басқа да заттарды, ақшаны, тамақ өнімдерін, бұйымдарды және басқа да нәрселердi жете тексеруден жасырып беру немесе кез келген тәсiлмен беруге әрекеттену) бойынша бастапқы материал жиналып, шешім қабылдау үшін Алматы облысы Қарасай ауданының әкімшілік сотына жіберілетін болады, – деп түсіндірді өңірлік ҚАЖД бастығының орынбасары Қанат Ашов.
Өзгелердің жаңалығы