Алматы облысында ауылшаруашылық өнімдерінен мол табыс түсті

14 Ақпан 2019, 20:33
2317
Бөлісу:
Алматы облысында ауылшаруашылық өнімдерінен мол табыс түсті

Астана, BAQ.KZ. Өткен жылы Алматы облысының Қарасай ауданында ауыл шаруашылық өнімдерінің жалпы көлемі 50 миллиард теңгеден асты. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 5 миллиард теңгеге артық. Бұл туралы 24kz сайты хабарлайды.

Картоп, майлы дақылдар мен жеміс-жидек өсіруден мол табыс алынды. Ауыл шаруашылық өнімдерінің көлемі биыл да артатын болады. Оған себеп биыл бірнеше ауқымды жобалар жүзеге асырылмақ. Олардың арасында аумағы 10 гектар болатын жылыжай, жеміс ағаштарын өсіретін лаборатория және 1 мың басқа арналған мал бордақылау алаңы бар.

«Жылыжайымыз 2 миллиард 600 мың теңгеге ашылды. Жаңағы көкөніс өнімдерін өндіреді. Оған қосымша тауарлы-сүт фермамыз ашылды 50 бастық. Отбасылық. Тағы да басқа көрсеткіштеріміз көтеріліп жатыр», - дейді Қарасай аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Сырым Жарқымбаев.

Өзгелердің жаңалығы