Алматы облысында 73,2 шақырым жол орташа жөндеуден өтеді

17 Маусым 2019, 14:53
1559
Бөлісу:
Алматы облысында 73,2 шақырым  жол орташа жөндеуден өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Биыл Алматы өңірінде республикалық маңызы бар 73,2 шақырым жол орташа жөндеуден өтеді.

«ҚазАвтоЖол»ҰК»АҚ баспасөз қызметінен хабарлағандай, орташа жөндеу жұмыстары 4 учаскеде жүзеге асады.

Бүгінде республикалық маңызы бар Р-19 «Алматы-Көктал-Байсерке-Междуреченский-Екатеринбург-Алматы» автожолынның ұзындығы 29 шақырым жол учаскесінде жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес жүріп жатыр. Ескі жабындыны фрезерлеу, тегістеуші қабатты төсеу, жолақтарды салу, жол жиегін нығайту және белгі бағаналарын орнату бойынша жұмыстар жүргізілді.

Ал, республикалық маңызы бар А-3 «Алматы-Өскемен» автожолының ұзындығы 18 шақырым учаскесінде жолшылар тас жолдың 76 мың шаршы метр жабынын фрезерлеп, 15 мың  жолда борттық тастар орнатты. Аталмыш жұмыстар «Көкпек-Кеген-Түп» 68-74 км жолдарында да жасалуда. 

Сондай-ақ, Алматы облысындағы А-5 «Ақсай-Чунджа-Көлжат» көлікжолының 90-105 шақырымында орташа жөндеу жұмыстары үшін 800 т қара қиыршық тас дайын. 

«Алматы-Көкпек-Көктал-Қорғас» 137-154 км учаскесінде жолшылар суық ресайклинг әдісі бойынша орташа жөндеу жұмыстары атқарылуда.

Барлық  жөндеу жұмыстары уақытылы аяқталады деп жоспарлануда. 


Өзгелердің жаңалығы