Бас жаңалықтар
Алматы облысында 49 баладан вирус анықталды
16 Қыркүйек 2021, 14:34 370

Алматы облысында 49 баладан вирус анықталды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы облысында соңғы тәулікте 278 адамнан вирус анықталды, оның 49-ы бала. Бұл туралы облыс әкімдігі хабарлады.

Вирус анықталғандардың 239-да ауру белгісі бар болса, 39-ы симптомсыз.

КВИ анықталған 278 жағдайының 49-ы 14 жасқа дейінгі балалар арасында тіркелген. Оқушылар арасында 42 және студенттер арасында 7 жағдай анықталып отыр, - делінген хабарламада.

Облыс бойынша КВИ өсу қарқыны соңғы 2 аптада 0,7%-дан 0,6% - ға дейін төмендеген. 


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...