Алматы облысында 400 жұмыс орны ашылады

27 Қараша 2019, 20:39
3691
Бөлісу:
Алматы облысында 400 жұмыс орны ашылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Желтоқсан айында Тұңғыш президент күніне және тәуелсіздік мерекесіне орай Алматы облысында жалпы саны 36 жаңа нысан ашу жоспарланған, соның нәтижесінде 400-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады.

Аталған 36 нысанның  он екісі 1 желтоқсанда, ал қалғаны 16 желтоқсанға жақын есігін ашады. Олардың қатарында медицина, білім беру, мәдениет, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп салаларының нысандары мен тұрғын үйлер бар, - деп хабарлады Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
1 желтоқсан қарсаңында Кербұлақ ауданында жалға берілетін тұрғын үйлер, Жамбыл ауданы Тарғап ауылында, Ұйғыр ауданының Қалжат ауылында дәрігерлік амбулаториялар, Іле ауданында 3 бірдей балабақша іске қосылады.

Мереке қарсаңында Қарасай ауданы Көкөзек ауылында орналасқан сэндвич-панельдер мен пішінді төсеніштер шығаратын зауыты өз жұмысын бастамақ. Нысанның жобалық құны – 110 млн теңге.

Сондай-ақ, Көксу ауданында  200 басқа арналған мал бордақылау алаңы, шаруа қожалығының базасында ашылатын 200 басқа арналған сүт-тауарлы фермасы, Сарқан қаласындағы 150 басқа лайықталған мал бордақылау алаңы ашылады.


 

 

Өзгелердің жаңалығы