Алматы облысында 40 мыңға жуық педагог вакцина алған

13 Қыркүйек 2021, 13:38
7942
Бөлісу:
Алматы облысында 40 мыңға жуық педагог вакцина алған
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов айтты. Ол облыста халықты вакцинациялау бойынша жұмыс белсенді түрде жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Оның айтуынша, әр елді мекенде 244 пункт ашылған, 71 мобильдік бригада мен 17 жылжымалы медициналық кешен жұмыс істеп тұрған көрінеді.

Алматы облысында 40 мыңға жуық педагог вакцина алған

І компонент бойынша барлығы 732 мың доза вакцина әкелінді. Оның ішінде 647 мың адам немесе 88,4% екпе алды. Одан басқа, ІІ компонентке тиесілі 626 мың доза вакцина жеткізілді. Ол бойынша 515 мың адам немесе 82,3% вакцина салынды. Бүгінгі таңда жоспар бойынша вакцинациялаудың қамтылуы 65%-ға тең, - деді облыс әкімінің орынбасары.

Алматы облысында 40 мыңға жуық педагог вакцина алған

Сондай-ақ бүгінгі таңда 106% көрсеткішпен Балқаш және 103% көрсеткішпен Ақсу аудандары екпе салуды аяқтаған. Алайда Панфилов (54%), Талғар (49%) және Қаратал (47%) аудандарында вакцинациялау жұмыстары төмен қарқынмен жүргізіліп отыр.

Біз бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастыратын боламыз. Сонымен қатар 76 жылжымалы екпе пункті ұйымдастырылды. Олардың барлығы орнатылған тоңазытқыш қондырғысы бар белсенді термконтейнерлермен жабдықталған, - деді Батыржан Байжұманов.

Айта кететін жайт, жыл басынан бері Алматы облысына І компонентке тиесілі 773 685 доза, ІІ компоненттің 701 310 доза вакцинасы әкелінген.

13 қыркүйектегі жағдай бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның І компонентін 713 817 адам алды. Олардың ішінде 23796-ы – медициналық қызметкерлер, 39 750 – педагогтар, 784 – учаскелік полицейлер, 14 199 – студенттер, 1964 – медициналық-әлеуметтік мекеменің қызметкерлері, 21 410 – әлеуетті құрылымның қызметкерлері, 12 390 – мемлекеттік қызметкерлер, 578 798-і – басқа да тұлғалар. Сонымен бірге созылмалы аурулары бар 7347 адам екпе алған, - деп нақтылап өтті облыс әкімінің орынбасары.

Вакцинаның ІІ компонентін 594 247 адам салдырған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы облысында коронавирус инфекциясын жұқтыру дерегі біртіндеп төмендеп келе жатқанын жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы