Бас жаңалықтар
Алматы облысында 3 жасар қыз көлік терезесінен құлап кетті
VIDEO
17 Мамыр 2021, 17:52 607

Алматы облысында 3 жасар қыз көлік терезесінен құлап кетті

Алматы, BAQ.KZ. Алматы облысы Полиция департаменті кішкентай баланың көліктен құлау оқиғасын анықтап, көлік иесіне ескерту жасағандарын хабарлады.

Әлеуметтік желілерді мониторингілеу кезінде үш жасар баланың «Hyundai Elantra» автокөлігінен құлап кеткен видеосы жарияланғаны анықталды.

Оқиға осы жылдың 17 мамырында сағат 10:00-де Алматы облысы Іле ауданы Өтеген батыр кентінде орын алған.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде патрульдік полиция ротасының инспекторлары көлікті басқарған 32 жастағы әйелді ұстады. Құлап кеткен бала көліктің алдыңғы орындығында отырған, сонымен қатар көлікте баланы ұстап тұратын құрылғысы болмағандығы анықталды. Бүлдіршін зардап шеккен жоқ, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ «Hyundai Elantra» автокөлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік іс қозғалып, баланың анасына түсіндіру жұмыстары жүргізілген.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...