Алматы облысында 290 млрд теңгені құрайтын 9 жоба іске асырылуда

11 Қараша 2021, 18:07
679
Бөлісу:
Алматы облысында 290 млрд теңгені құрайтын 9 жоба іске асырылуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Амандық Баталов мәлім етті.

Оның айтуынша, 10 айдың ішінде қуаты 1,2 млн тонна, инвестиция көлемі 47 млрд теңге болатын «Алацем» цемент зауыты іске қосылған. Сондай-ақ, алкогольсіз сусындар шығаратын зауыт іске қосылды. Жыл соңына дейін жеміс-көкөніс өнімдерін өндіретін және терең мұздататын «Frosco» кәсіпорныны (7,2 мың тонна), құрылыс материалдарын өндіретін «Алюгал» және «Азия темір ЛТД» (10 мың тонна) зауыттарын іске қосу жоспарлануда.

Қазіргі кезде облыста ірі брендтік кәсіпорындар жұмыс істеп тұр. Трансұлттық компаниялардың республика бойынша 19 жобасының ішінде жалпы инвестиция сомасы 290 млрд теңгені құрайтын 9 жоба облыста іске асырылуда,- деді Амандық Баталов.

Әкім олардың ішінде төрт жоба жүзеге асқанын және олардың барлығы жоғары технологиялы, әрі экспортқа бағдарланғанын айтты.

Жыл соңына қарай өнеркәсіп өнімінің көлемі 1 трлн 300 млрд теңгеден асады, шикізаттық емес экспорт 6 процент өсіммен 392 млн  АҚШ долларына жетеді. Бұл Елбасының тапсырмасына сәйкес қабылданған Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының арқасында мүмкін болды, - деді спикер Амандық Баталов.




Өзгелердің жаңалығы