Алматы облысында 10 гектар аумақтағы шөп жанды

14 Тамыз 2019, 10:12
1665
Бөлісу:
Алматы облысында 10 гектар аумақтағы шөп жанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысында 10 гектар аумақтағы шөп жанып кетті. Оқиға орнында өрт сөндіру қызметінің мамандары жұмыс істеуде, деп хабарлады Хабар 24.

"Талғар облысындағы Бесағаш ауылының маңында тау бөктері жана бастаған. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті ауыл маңындағы құрғақ шөптің жануы туралы хабарлама кеше сағат 15.54-те түскенін хабарлады. Өрт 10 гектар аумақты шарпыған. Оны сөндіру үшін Талғар қаласының өрт сөндірушілері, орман шаруашылығы қызметкерлері жұмыс істеуде, сондай-ақ оларға алматылық өрт сөндірушілер де көмекке келді", - делінген таратылған ақпаратта.
Өзгелердің жаңалығы