Алматы облысында бірқатар жол жабылды

6 Ақпан 2019, 17:48
2732
Бөлісу:
Алматы облысында бірқатар жол жабылды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі 6 ақпан күні өңірдегі бірнеше жолдың жабылғаны туралы хабарлады.

Алматы облысының «ЖК және АЖБ» ММ хабарлауы бойынша ауа райының нашарлауына (боран, көріну жағдайы қиындауы) байланысты «Талдықорган-Қапал» обылыстық маңызы бар автожолдың 0-ші мен 45-ші шақырымында барлық көліктерге жабылды.

Сонымен қатар,18-00-ден бастап ауа райының нашарлауына (жолдың көрінбеуі, боран) байланысты «Алматы-Өскемен» (Көлбай-Үшарал) республикалық маңызы бар автожолдың 482-ші мен 558-ші шақырымында жүк көліктеріне жол жабылды.

Мұнан бөлек, Қазақавтожол кезекші операторы хабарлауы бойынша ауа райының нашарлауына (қатты боран, көріну жағдайы қиындауына) байланысты «Үшарал-Достық» республикалық маңызы бар автожолдың 83-ші мен 184-ші шақырымында барлық көліктерге жол жабылды.

Өзгелердің жаңалығы