Бас жаңалықтар
Бүгін
Алматы облысында жүк көлігіне соғылған салт атты көз жұмды
05 Ақпан 2019, 16:48 720

Алматы облысында жүк көлігіне соғылған салт атты көз жұмды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы облысындағы Құлжа тасжолы бойындағы жол-көлік оқиғасынан жылқымен келе жатқан адам көз жұмды, деп жазды Zakon.kz.

Жүк көлігі жүргізушісінің айтуынша, ол Алматыдағы Рысқұлов көшесі бойында салынып жатқан айналма жолға құрылыс заттарын алып келе жатқан. 

«Панфилов ауылына жақындағанда жол жиегінде жылқыға мінген салт атты адам келе жаты. Жылқы әрдайым мазасызданып, жолға қарай қайта-қайта ұмтылумен болды. Оның үстіне жол да тайғақ, осылайша жылқы жол жиегінде билеп келе жаты»,-деп сипаттады көлік жүргізушісі.

Жылқының ерсі жүрісінен секем алған жүргізуші көлігін солға қарай бұрыпты. Алайда олармен қатарласқан кезде қатты соққы болған, атты адам жүк көлігіне бәрібір соғылған екен.

Жүргізуші мен оқиғаға куә болғандар жылқы мінген адамға көмек көрсетуге жанталасқан. Ол басынан қатты соққы алған екен. Жылдам келген дәрігерлер 1970 жылы туған азаматтың өліп кеткенін хабарлаған.

Сонымен бірге мінген аты да сол жерде өлген.

Сізден жаңалық