Алматы облысының кәсіпкері жұмысшыларын баспанамен қамтамасыз етіп отыр

8 Маусым 2019, 10:58
2136
Бөлісу:
Алматы облысының кәсіпкері жұмысшыларын баспанамен қамтамасыз етіп отыр

Алматы, BAQ.KZ. Алматы облысындағы Ақтерек ауылының тұрғындары қоныс тойын тойлады. Бұл туралы «Хбаар 24» телеарнасы хабарлады. 

Ауылдағы бес отбасы шаруа қожалығының басшысы салып берген үйге қоныстанды. 

Медценат өз әрекетінен алып бара жатқан ештеңе көріп тұрмағанын айтады. 10 жыл ішінде ол жүздеген үй салып беріпті. Оның үстіне кәсіпкер жақын арада тағы 40 үйді жұмысшыларына табыстамақ. Ол өз жұмысшыларына әрдайым көмектесіп отырады, олардың қатарында көпбалалы отбасылар мен соғыс ардагерлері бар.

«Біз бәрін үкімет береді деп күтіп отырмауымыз керек. Әр тұрғын белсенді болу қажет, әсіресе кәсіпкерлер. Кім жұмыс істесе сода бәрі болады. Біздің қазіргі міндетіміз жұмысшылардың қалаға кетіп қалуына жол бермеу. Ол үшін туған ауылында жағдай жасау қажет»,-дейді кәсіпкер Темірлан Шайнүсіпов.

Өзгелердің жаңалығы