Алматы облысында жыл басынан бері жүргізушілерге 34 млн теңгеден астам айыппұл салынған

28 Ақпан 2019, 10:26
1652
Бөлісу:
Алматы облысында жыл басынан бері жүргізушілерге 34 млн теңгеден астам айыппұл салынған

Талдықорған, BAQ.KZ. Алматы облысында тәртіп сақшылары жол қозғалысы ережелерін бұзып, салынған айыппұлды төлеуден жалтарған жүргізушілерді анықтау іс-шарасын ұйымдастырды.

Сот орындаушыларымен бірлескен іс-шара өңірдің барлық автожолдарында жүргізілуде. Іс-шара кезінде айыппұл салынған көліктерді «Крис-П» жылжымалы фоторадар кешені айқындады.

«Жыл басынан фото-бейнетіркеу камералары арқылы анықталған жол ережесін бұзу деректері бойынша 34 миллион теңгеден астам айыппұл салынған. Белгіленген мерзімде төленген айыппұл шамамен 1 миллион теңге. Осыған орай, жеке сот орындаушыларымен бірлесіп, айыппұлдарды мәжбүрлеп өндіру жүргізілуде. Негізінен, «шектеу қойылған» көліктерді іздестіру бойынша жұмыс жүргізілуде. Ескертуді елемеген көліктер арнайы тұраққа қойылады»,- деп хабарлады Әкімшілік полиция басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы полиция майоры Владимир Кострицын.

Бір күн ішінде «Алматы-Көкпек-Көктал» және «Алматы-Бішкек» автожолында құқық қорғау органдары 100-ге жуық тәртіп бұзушыны анықтап, кейбір көліктерді арнайы автотұраққа жіберді.

«Арнайы тұраққа қойылған тәртіп бұзушының автокөлігі салынған айыппұл санкцияларының сомасы толық өтелгеннен кейін ғана иесіне қайтарылады» - деп толықтырды полиция өкілі.
Өзгелердің жаңалығы