Алматылықтардың назарына!

13 Қараша 2019, 11:32
2357
Бөлісу:
Алматылықтардың назарына!

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысы ТЖД тұрғындарды және қонақтарды жұқа мұздағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады. Бұл туралы Алматы облысы ТЖД баспасөз қізметі хабарлады.

Мұзда абай болыңыздар! Мұз қатқан су айдындарының өту кезінде және мұз астында балық аулау кезінде сақтық шараларын сақтаңыз және қауіпсіздік талаптарын орындаңыз! Балаларды қараусыз қалдырмаңыз! - делінген хабарламада.

Ескерту!

- бір адамға арналған мұздың қауіпсіз қалыңдығы кемінде 10 см;

- жаяу өткел жасау үшін мұздың қауіпсіз қалыңдығы 15 см және одан да көп;

- автомобильдердің өтуі үшін мұздың қауіпсіз қалыңдығы 30 см кем емес;

- өзен сағасы мен ағысында мұздың беріктігі осал. Өзеннің жылдам ағатын, бұлақтар мен ағынды сулардың, сондай-ақ су өсімдіктер, бұта, қамыс өсетін аудандарында және ағаш жақын өсетін жерлерінде мұз әлсіз болады;

- егер ауа температурасы 0 градустан жоғары болса, мұздың беріктігі 25% төмендейді;

- мұздың беріктігін көзбен анықтауға болады: мұз көк түсті – берік, ақ түсті – оның беріктігі 2 есе аз, күңгірт ақ немесе сарғыш түсті – сенімсіз;

- мұздың қалыңдығы 7 см жеткенде ғана балық аулауға болады. Бірақ мұндай мұз қауіпті болуы мүмкін, егер қысқа мерзімді жылынса және жаңбыр жауса. Қар астында терең жарықтардан сақтану қажет, бірнеше шұңқырларды бір - бірінен жақын қашықтықта тесуге болмайды - бұл мұзды осал қылдырады.

Үзілді-кесілді тыйым салынады:

- белгіленбеген және тексерілмеген жерлерде мұз үстімен жаяу және автокөлікпен өту;

- мұз дайындау, от жағу, өткел және оған жақын жерлерде балық аулау үшін шұңқырларды тесу;

- су айдындарында ықтимал қауіптілік туралы ескертетін белгілер орнатылған жерлерде мұз үстімен жаяу және автокөлікпен өтуге;

- мұз түзілу мен мұз қатудың бастапқы кезеңінде балық аулау, жаяу жүргіншілер мен көліктің қозғалысы;

- мұзда адамдардың, малдың және техниканың үлкен топтарының жиналуына жол беру;

- мұз өткелдерінің жанында және өмірге қауіп төндіретін орындардың жанында, сондай-ақ мұз қалыңдығы 25 см кем болған кезде мұз айдындарын, бұқаралық ойындар мен шаңғы жарыстарын ұйымдастыруға;

- қоқыстарды, қиды және басқа да қалдықтарды су айдынының мұз жамылғысына төгуге;

- құтқару құралдарын тікелей мақсатқа сай емес пайдалану, өз бетімен ескерту белгілерін қою немесе алып тастау.

Алматы облысының аумағында Іле, Көксу, Қаратал, Ақсу, Лепсі, Тентек сияқты ірі өзендер және 400-ге жуық ұсақ өзендер, арналар мен арықтар бар. Сондай-ақ 85 тоған, 75 су қоймасы бар, оның ішінде ең ірілері: Қапшағай, Бартоғай, Күрті және Бестөбе. Сондай-ақ Балқаш, Алакөл, Сасықкөл, Жалаңашкөл секілді ірі көлдері бар.

Өзгелердің жаңалығы