Алматы метросында пойыздардың қозғалыс жиілігі артты

3 Қараша 2021, 19:14
979
Бөлісу:
Алматы метросында пойыздардың қозғалыс жиілігі артты

Алматы, BAQ.KZ. Алматы метросында пойыздардың қозғалыс аралығы 7 минутқа дейін қысқарады. Бұл туралы метрополитеннің баспасөз қызметі хабарлады.

2021 жылғы 3 қарашадан бастап Алматы қаласының метрополитенінде пойыздар қозғалысының аралығы қысқартылады.

Жолаушылар ағынының ұлғаюына және жолаушылардың көптеген өтініштеріне байланысты, халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында Алматы қаласының метрополитенінде пойыздар қозғалысының аралығы қарбалас уақытта 10 минуттан 7 минутқа дейін қысқарады, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ «Сайран» бекетіндегі № 3 кіреберіс, Абай даңғылы мен Тілендиев көшесінің қиылысында солтүстік-шығыс жағы, жөндеу – құрылыс жұмыстарына байланысты 07 қарашаға дейін жабық болатыны айтылған.

Өзгелердің жаңалығы