Алматы мен Шымкентке «Спутник V» вакцинасының кезекті партиясы жіберілді

8 Қыркүйек 2021, 22:20
9837
Бөлісу:
Алматы мен Шымкентке «Спутник V» вакцинасының кезекті партиясы жіберілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы мен Шымкентке Қарағанды фармацевтика кешенінде өндірілген Гам-КОВИД-Вак препаратының кезекті партиясы жөнелтілді. Бұл туралы зауыттың баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл коронавирустық инфекцияның алдын алуға арналған біріктірілген векторлық "Спутник V" вакцинасы. Алматының "СК-Фармация" қоймаларына препараттың II компонентінің 19 695 құтысы (1 ЖТ. 5 дозада) жөнелтілді. Бұл вакцинаның 98 505 дозасы. Шымкенттегі "СК-Фармация" хабына Гам-КОВИД-Вак II компонентінің 15 529 флаконы немесе 77 645 доза жіберілді - делінген хабарламада.

Препараттың осы партиялары ҚФК мен Гамалея атындағы ҒЗО-да сапа бақылауынан өткен.

Жарамдылық мерзімі 2022 жылдың ақпанына дейін. Жөнелту жұмыстары ҚФК мамандандырылған қоймасынан "СК-Фармация" ЖШС рефрижератор-тасымалдаушыларына тиеу суық тізбектің талаптарын (температура -35 градустан кем емес) қатаң сақтай отырып жүргізілді - делінген ақпаратта.
Өзгелердің жаңалығы