Бас жаңалықтар
Алматы мен Шарджа арасындағы әуе рейстері қайта жанданады
04 Мамыр 2021, 17:18 113

Алматы мен Шарджа арасындағы әуе рейстері қайта жанданады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы мен Шарджа қалалары арасында рейстер қайта жанданады. Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.

Ел аумағында коронавирустық инфекцияның өршуі мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2021 жылғы 23 сәуірдегі шешіміне сәйкес 2021 жылғы 1 мамырдан бастап Алматы мен Шарджа қалалары арасында аптасына 3 рет тұрақты рейспен ұшуға рұқсат етілді, - делінген хабарламада.

Атап айтқанда, Алматы мен Шарджа қалалары арасындағы тұрақты рейстерді «Air Arabia» әуе компаниясы 21 мамырдан қайта бастайды.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес А-320/321 әуе кемелерімен аптасына 3 рет (3, 5 және 7-ші күндері) орындалады.




Фото: дереккөз
Загрузка...