Алматы мен Алматы облысында өткен арнайы операцияда 675 күдікті ұсталды

10 Қаңтар 2022, 21:49
2233
Бөлісу:
Алматы мен Алматы облысында өткен арнайы операцияда 675 күдікті ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2022 жылғы 8 қаңтардан бастап Алматы қаласы мен Алматы облысында ҰҚК, Ішкі істер және Қорғаныс министрліктері  мен Ұлттық ұланның арнайы бөлімшелерінен құралған күштері 675 күдіктіні ұстады.

Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жеке бастарын тексеру және автомобильдер мен үй-жайларды тінту барысында  демонстранттардың полициядан тартып алған қару-жарақтар, оқ-дәрілер, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жалған құжаттары, өлімге әкеп соқтырмайтын құралдар (жарық-дыбыстық гранаталар, шлемдер, қалқандар, амуниция)  және тоналған мүліктер (тұрмыстық техника, мобильді құрылғылар, киім және т.б.) табылуда, - делінген хабарламада.

Барлық азаматты құқық қорғау және арнайы органдарға құқықтық тәртіпті тұрақтандыру мен қалпына келтіруде көмек көрсетуге шақырамыз.

Өзгелердің жаңалығы