Алматы мәслихатына «Ауыл» партиясынан 3 адам өткен

12 Қаңтар 2021, 16:24
1444
Бөлісу:
Алматы мәслихатына «Ауыл» партиясынан 3 адам өткен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының отырысында Алматы қаласы аумақтық  сайлау комиссиясының төрайымы Жанна Бейсентайқызы айтты. 

Алматы қаласында белсенділік 30 пайыздан асты. Алматы қаласында 39 мәслихат депутатының онына осы партиялардың ішінен төртеуі кірді, - деді ол. 

Қазақстан халық партиясы – 3 мандат 

Nur Otan партиясы  - 29 мандат 

«Ауыл» партиясы – 3 мандат 

«Ақ жол» - 3 мандат 

Осы партиялардан 118 адам тіркелген болатын. Қазақстан халық партиясы  14 адам, Nur Otan партиясы нан 78, «Ауыл» партиясынан 6 адам, «Ақ жол» - 15 адам, «Адал» партиясмынан 5 адам тіркелді, - деді ол.
Өзгелердің жаңалығы