«Алматы марафонының» өтуіне байланысты көшелердің бір бөлігі жабылады

16 Сәуір 2019, 14:37
2070
Бөлісу:
«Алматы марафонының» өтуіне байланысты көшелердің бір бөлігі жабылады

Алматы, BAQ.KZ. «Алматы марафоны» кезінде қаладағы бірқатар көше жабылады. Бұл туралы марафонды ұйымдастыру комитеті хабарлады.

«21 сәуірде «Алматы марафоны» жарысының өткізілуіне байланысты сағат 5.00-ден 14.00-ге дейін марафон қашықтықтары өтетін жолдар қозғалысы жартылай тоқтатылады. Сәтпаев көшесі бойымен Желтоқсан көшесінен бастап Назарбаев даңғылына дейін қозғалыс 20.04.19 күні сағат күндізгі 2.00-ден бастап 21.04.19 күні сағат 17.00-ге дейін тоқтатылады. Барлық қозғалыс толықтай жабылады», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Назарбаев даңғылы бойымен Сәтпаев көшесінен бастап Әл-Фараби даңғылына дейін қозғалыс сағат 05:00 бастап 12:00 дейін тоқтатылатындығы айтылады. Барлық қозғалыс толықтай жабылады.

«Әл-Фараби даңғылы бойымен Назарбаев даңғылынан бастап, Достық көшесіне дейін қозғалыс сағат 05:00 бастап 09:30 дейін тоқтатылады. Барлық қозғалыс толықтай жабылады. Әл-Фараби даңғылы бойымен Назарбаев даңғылынан бастап, Шашкин көшесіне дейін қозғалыс сағат 05:00 бастап 12:00 дейін тоқтатылады. Әл-Фараби даңғылының оңтүстік бөлігі автокөлік қозғалысы үшін ашық болады», - делінген таратылған хабарламада.

Сонымен қатар, Әл-Фараби даңғылы бойымен Шашкин көшесінен бастап, Сайын көшесіне дейін қозғалыс сағат 05:00 бастап 13:30 дейін тоқтатылады. Әл-Фараби даңғылының оңтүстік бөлігі автокөлік қозғалысы үшін ашық болады.

«Сайын көшесімен қозғалыс Әл-Фараби даңғылынан бастап, Абай даңғылына дейін сағат 05:00 бастап 13:30 дейін тоқтатылады. Батыс бөлігі автокөлік қозғалысы үшін ашық болады. Абай даңғылынан Сайын көшесінен бастап Байтұрсынұлы көшесіне дейін, Байтұрсынұлы көшесінде Абай даңғылынан Сәтпаев көшесіне дейін қозғалыс сағат 05:00 бастап 14:00 дейін тоқтатылады. Солтүстік бөлігі автокөлік үшін ашық болады», - деп хабарлады ұйымдастырушылар.

Марафон кезінде сондай-ақ, Шашкин көшесінде Әл-Фараби даңғылынан Тимирязев көшесіне дейін, Тимирязев көшесі Шашкин көшесінен бастап Байзақов көшесіне дейін, Байзақов көшесі Тимирязев көшесінен бастап, Сәтпаев көшесіне дейін, Сәтпаев көшесі Байзақов көшесінен бастап Байтұрсынұлы көшесіне дейін 05:00 бастап 10:35 дейін жабылады. Барлық қозғалыс толықтай жабық болады.

 Ұйымдастыру комитеті жолдарда қарбаластың болуына байланысты марафон қатысушыларына сөре орнына (Республика алаңы) Абай даңғылы арқылы метромен немесе Абай даңғылы арқылы автобуспен (қозғалыс солтүстік жағымен) жетуге кеңес береді. Оған қоса, ол жерде көлікті қалдыратын орын болмайтынын ескертеді.

«Алматы тұрғындары мен қонақтарын 20-21 сәуір күндерін алдын ала жоспарлауды және түсіністікпен қарауды сұраймыз», - деп ескертті марафонның ұйымдастырушылары.

Өзгелердің жаңалығы