Алматы маңындағы тау бөктерінен өрт шықты

5 Қыркүйек 2021, 18:15
6937
Бөлісу:
Алматы маңындағы тау бөктерінен өрт шықты
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы маңындағы тау бөктерінде қураған ағаштар өртеніп жатыр. 

Бұл туралы қаланың Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

ТЖД мәліметінше, бүгін сағат 16:05-те Медеу ауданындағы Думан ықшамауданы, Аман Бөктер көшесі 46-үй маңында қураған ағаштар өртеніп жатқаны анықталған. 

Өрт сөндіру бригадасы дереу оқиға орнына барды.


Оқиға орнына жеке құрамнан 25 адам, 5 техника, табиғи өртті сөндіру жөніндегі жиынтық жасақ қосымша жіберілді. Солтүстік жағынан өрт ошағының жеке секторға өту қаупі туындады. Оларды оқшаулау үшін өрт оқпандары берілді, - деді ТЖД өкілі.
Өзгелердің жаңалығы