Алматы маңайына бақылау бекеттері қойылды

8 Қаңтар 2022, 14:14
1577
Бөлісу:
Алматы маңайына бақылау бекеттері қойылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда қалаға кіретін және шығатын жерлерге бақылау бекеттері орнатылған. Бұл ақпаратты қалалық полиция департаментіндегілер растады.

Атап айтқанда, Бішкек тас жолының батыс бағытында үлкен көлік кептелісі байқалады.

Автокөлік жүргізушілерінің айтуынша, бекет Райымбек бұрылысында орнатылған. Кейбір көліктер кері бұрылып, қарсы жолаққа шығып, қайтып барады.

Сондай-ақ Алматыда жергілікті бақылау-өткізу бекеттері орнатылғаны хабарланды. Қауіпсіздік қызметкерлері құжаттар мен көліктерді тексеріп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматы қаласы әкімінің орынбасары қала тұрғындарына үндеу жасаған болатын. Қаланы лаңкестер мен бандиттік топтардан тазарту жұмыстары жалғасып жатқанын айтып, қала тұрғындарын үйлерде, әсіресе тазарту орындарында болуды сұрады.

Өзгелердің жаңалығы