Бас жаңалықтар
«Алматы-Маңғыстау» бағытында жаңа вагондар қосылды
19 Шілде 2019, 17:55 575

«Алматы-Маңғыстау» бағытында жаңа вагондар қосылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстандық жолаушылар үшін жақсы жаңалық – Алматыға дейін жаңа 25 вагон қосылды. Ескі вагондардан басты айырмашылығы – кондиционері, 2 био-дәретханасы мен ұялы телефон қуаттайтын розеткалары, тіпті камера бар.

IMG_1385.jpg

IMG_1401.jpg

Бұл вагондар әлеуметтік маңызы бар бағыт болған соң арнайы «Алматы-Маңғыстау» бағытына беріліп отыр. Вагондар Ресей технологиясына сай отандық «Тұлпар Тальго» зауытында құрастырылған.

IMG_1418.jpg

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша соңғы жылдары отандық өндірушілер испан технологиясы бойынша вагондарды өндірген болатын. Бүгінгі таңда 15 бағыт бойынша 500 вагон сәтті жұмыс істеп тұр. Стандарт вагондарына сұраныс өте көп болып отыр. Биыл вагондар ресей технологиясы бойынша жиналды. Тағы 63 вагонды шығару жоспарда бар. Жазғы маусымда жолаушылар тарапынан сұраныс көп болады. Сондықтан, әлеуметтік бағытқа қосымша вагондарды қостық», - деді «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директоры Арман Сұлтанов «Нұрлы Жол» вокзалында жаңа вагондарды таныстыру барысында.

Плацкарт вагондарда 54 орын бар. Вагонның сырты біз атап үйреніп қалған «Тальгоның» сыртына ұқсас. Қызмет ету уақыты – 40 жыл. Жолдағы максималды жылдамдығы – 160 км/сағ. Әр вагонда 6 камера орнатылған. 

IMG_1389.jpg

IMG_1441.jpg
«60-90 жылдарға дейін шығарылған вагондардың техникалық жабдықталуынан жаңа вагондардың айырмашылығы – ауа айналымын реттеуі. Плацкарт вагондары 54 орынға есептелген. Қызмет ету уақыты 40 жыл. Жолдағы максималды жылдамдығы 160 км/сағатты құрайды. Вагон ішінде кондиционер жүйесі, өртке қарсы жүйе, биотуалет, видео бақылау, суды тазарту жүйелері орнатылған. Әр вагонда 6 камера бар. Олар таспаны түрлі-түсті және ақ-қара режимінде түсіреді. Барлық бейне штабтық вагондағы пойыз басшысының қадағалуында болады. Әр купеде 220 В қуат беретін розетка бар. Сонымен қатар, байланыс, диагностика және басқару жүйелері қарастырылған. Әжетханалар экологиялық таза блок қондырғыларымен толыққан. Сол сияқты душ шлангтары, тоңазтқыш пен қысқа толқынды пеш те бар», - деді «Вагон-сервис» АҚ директорының орынбасары Нариман Нұрияров вагондардың техникалық жабдықталуы туралы толықтырып.

Сонымен қатар, вагондарды Алматыға жеткізу үшін бір реттік пойыз ретінде Алматыға дейін жөнелтілмек. Жолда 3 станцияға тоқтап, 20 сағатта жетеді.

IMG_1387.jpg

IMG_1394.jpg

 Жаңа вагондарды таныстыру кезінде «Жолаушылар тасымалы» АҚ ресми өкілі Диас Ахметшәріп жаз кезінде пойызға неліктен билет табылмайтынын түсіндірді.



Фото: дереккөз

Сізден жаңалық