
Алматы маңында қар көшкіні болды
Алматы. BAQ.KZ. Автожолдардағы жол учаскелерін тазалауға "Қазселденқорғау" ММ –нен 5 бірлік техника және 9 адам жұмылдырылды. Бұл туралы қалалық ТЖД хабарлады.
Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті Кіші және Үлкен Алматы шатқалдарында қардың қалыңдығының артуына байланысты, қар көшкіндері жоспарлы түрде түсірілетіні жөнінде хабардар еткен болатын.
Тоқтамай жауған қалың қар мен тұманның түсуіне байланысты, қар көшкінін алдын-ала түсіру жауын-шашын басылғанға дейін, кейінге шегерілді.
Сонымен бірге, бүгін "Экобекеттен" жоғары "Медеу" және "Бутаковка" автожолдарында маңайында өздігінен 3 рет қар көшкіні болған. Екі жағдайда жолдың кіші учаскелері 200 және 600 текше метр көшкін көлемімен жабылды.
Автожолдардағы жол учаскелерін тазалауға "Қазселденқорғау" ММ –нен 5 бірлік техника және 9 адам жұмылдырылды. Экобекттен ат спорты кешеніне дейінгі өтетін жолда тазалау жұмыстары жалғасуда. Осыған байланысты Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті қонақтар мен қала тұрғындарына тауға шығу қауіпті екендіген ескертеді.
-
1Өмір – қозғалыс. Астанада дәрісіз емделу туралы семинар өтуде1352Өскеменде отбасылық жанжалдың құрбаны болған әйелдерге көмек көрсетілді813Астанада үш күнде 3000-ға жуық жол ережесін бұзу тіркелген434Түркістан облысында төмендетілген тариф есебінен халық 3,04 млрд теңге үнемдейді42517 ақпанға арналған ауа райы болжамы42
-
1Бес баланың өлімі: Қасымов өрттің неден шыққанын айтты341472Бес қыздың өлімі: Анасы түнгі ауысымда болған, әкесін жұмыс беруші шақырып алған263453Назарбаев министрлерді қатты сынға алды88924Айшолпан. Президентпен кездесу қарсаңында75955Мұғалім мәртебесі. 30 жылдық жұмыс өтілі барлар кәсібилігін неге тағы дәлелдеуі керек?7338
-
-
2019 жылы Қазақстандағы экономикалық жағдай қалай өзгереді?
Экономика 0-1% дейін төмендейді 5 (42%) Экономикалық өсу тоқтатылады 3 (25%) Экономиканың өсімі 1-3% 2 (17%) Экономика 3% немесе одан да көп өседі 1 (8%) Экономика қайтадан құлдырай бастайды 1 (8%)
-

Редактормен байланыс
+7 777 619 65 90
