Алматы «қоңыр-қызыл» аймаққа түсті. Дәрігерлер себебін түсіндірді

2 Тамыз 2021, 17:41
3248
Бөлісу:
Алматы «қоңыр-қызыл» аймаққа түсті. Дәрігерлер себебін түсіндірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласы стационардағы төсек-орынның толуына байланысты «қоңыр-қызыл» аймаққа түсті. 

Бұл туралы брифинг барысында қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова айтты.

Оның сөзінше, бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес бұл аймаққа өтудің ең басты критерийі - инфекциялық стационарлардағы төсек-орындардың толу пайызы саналады.

Бұл жерде коронавирусқа шалдыққан науқастарды емдеу үшін бөлінген төсек-орын саны туралы айтып отырмыз. Алматы «қоңыр-қызыл» аймаққа ескерту шарасы ретінде түсіп отыр. Өздеріңізге мәлім, халық арасында ковидтік науқастарды тіркеудің тәуліктік саны 1200-1500 жағдайға жетті, - деді ол.
Қазір Алматы қаласындағы инфекциялық стационарлардың толымдылығы 65,6%-ды құрайды.

Бұған дейін департамент басшысы коронавирустың жаңа штамы келгелі ауру симптомы да өзгергенін айтып, жастар арасында жаңа штамм көптеп таралып жатқанын ескертті.

Айта кетейік, жақында Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов жаңа қаулыға қол қойды. Онда «қоңыр-қызыл» аймақ деген түсінік пайда болды. 
Өзгелердің жаңалығы