Алматыда коронавируспен күреске бөлінген қаржыны жымқырғандар анықталды

4 Қыркүйек 2020, 18:39
3927
Бөлісу:
Алматыда коронавируспен күреске бөлінген қаржыны жымқырғандар анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алматы облысында коронавирусқа бөлінген қаржыны жымқырғандар анықталды. Бұл туралы ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров мәлім етті.

Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының "Облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясы" ШЖҚ МКК директорына, сондай-ақ оның орынбасарына қатысты ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Олар коронавирус пандемиясымен күресу бойынша дағдарысқа қарсы шаралар аясында «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы бойынша бөлінген арнайы автомобиль техникасын (жедел жәрдем автомашинасын) жөндеу бойынша қызметтер көрсеткені үшін жасалған шарт бойынша орындалған жұмыстар актісіне қол қою арқылы жалпы сомасы 3 024 930 теңге бюджет қаражатын жымқырды деп күдікке ілінді, - дейді Данияр Бекайдаров.

Оның айтуынша, биылғы жылдың 23 тамызында МКК директоры мен оның орынбасарына қатысты "қамауда ұстау" бұлтартпау шарасы санкцияланды.Тергеу жалғасуда.  

Сонымен қатар, Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Алматы қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына пара беруге арандатушылық жасады деген күдікпен Алматы қаласында көппәтерлі тұрғын үйді пайдалануға беру актісіне қол қоюға жәрдем көрсету сылтауымен кәсіпкерден 90 мың АҚШ доллары сомасында ақша қаражатын алған оңтүстік астананың тұрғынын ұстаған. Соңғысы кәсіпкерден 90 мың АҚШ доллары сомасында ақшалай қаражат алған кезде ұсталған. Осы жылдың 24 тамызында күдіктіге қатысты сот "күзетпен ұстау" түріндегі  бұлтартпау шарасын санкциялады.

Өзгелердің жаңалығы