Алматы кәсіпкерлерінің табысы 4%-ға төмендеген

28 Желтоқсан 2020, 14:28
1437
Бөлісу:
Алматы кәсіпкерлерінің табысы 4%-ға төмендеген

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов онлайн брифинг барысында айтты.

Палата директоры биыл кәсіпкерлер үшін оңай жыл болмағанын айта келе, желтоқсанның 1-14 аралығында Алматының 6 мың кәсіпкері арасында сауалнама жүргізгендерін жеткізді. 

Олардың 86 пайызы шағын және орта бизнес өкілдері. Респонденттердің жартысы биыл компаниясында қаржы жағынан тұрақсыздық болғанын айтты, табыстары – 4%-ға төмендеген, сұраныс-24%, жалға алу құнын төлеу-40%, коммуналдық төлем -27%-ға төмендеген. Салық төлеу-21% төмендеген, жұмысшылардың еңбекақысын төлеу мен бизнесті жүргізуге қаражат тапшылығы-19% құраған. Респонденттердің барлығы жұмыс уақытын қысқарту басты кедергі болып отырғанын атаған. Сауалнамаға қатысқандардың 12%-ы жақында жабылуға мәжбүр болатынын жеткізді,-дейді ол. 

Жыл басынан бері Палатаға кәсіпкерлікті қорғау бойынша 207 өтініш келіп түскен, оның 172-сі (83,09%) оң шешім тапты. Қорғалатын меншік құқығының мөлшері 4,7 млрд теңгені құраған.

Қошмамбетовтың айтуынша, Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының Құқықтарды қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесінің 7 отырысы өткізіліп, 18 мәселе қаралған, 9 мәселе оң шешімін тапса, қалғаны жұмыс барысында қаралуда екен.

Бизнес-омбудсменнің тапсырмасы бойынша төтенше жағдай кезінде Алматыдағы ірі сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда орталықтарының, сауда үйлері мен басқа да коммерциялық нысандардың жалдаушыларының проблемалық мәселелері бойынша жұмыс тобы құрылды. Жүргізілген жұмыс нәтижесінде 2,7 млрд теңге сомасына сауда объектілерін 12 769 жалға алушының мүдделерін қорғауға қол жеткізілді,-деді палата директоры.



Өзгелердің жаңалығы