Алматы қаласының Наурызбай ауданында 3 мыңға жуық адам екпе алды

10 Сәуір 2021, 11:23
1377
Бөлісу:
Алматы қаласының Наурызбай ауданында 3 мыңға жуық адам екпе алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Екпе салу науқаны басталғаннан бері Наурызбай ауданында бүгінгі күні КВИ-ден 3500 адамға вакцина салынды.

Оның арасында, 954 медицина қызметкері, 571 педагог, 138 полиция басқармасының қызметкерлері, 45 студент, 51 ІІМ қызметкерлері, созылмалы аурумен ауратын 100 адам және қала мекенінің 1 мың адамы.

Бүгінгі күнге екпе салу науқаны бойынша 5 транш жүргізіліп жатқаны туралы айта кеткіміз келеді.

Алматы қаласының Наурызбай ауданында 3 мыңға жуық адам екпе алды

Өткен төрт эшелон бойынша 2910 адамға екпе салынды. Мұнда ең алдымен иммунизацияны жұқпалы аурулар ауруханасының, жедел жәрдем көмегінің, реанимация, медициналық-санитарлық алғашқы көмектің (МАСК), қабылдау бөлімшесінің және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің жұмыскерлері алатынын атап өткен жөн. Екінші сатыда жалпы білім беретін мектептің, жоғары оқу орындарының педагогтары, бірінші сатыға кірмеген медицина қызметінің жұмыскерлері қамтылған. Үшінші саты мектеп-интенаттар, мектепке дейінгі балалар мекемесінің педагогтары, студенттер және созылмалы аурумен ауратындар, медициналық-әлеуметтік мекеменің қызметкерлеріне қаралған.

Алматы қаласының Наурызбай ауданында 3 мыңға жуық адам екпе алды

2 сәуірден бастап мегаполисте вакцинацияның 5 траншы басталды. Бүгінгі таңда қаланың барлық тұрғындары вакцинациядан өтуде. Вакцинаны алудың жалғыз шарты-қаланың кез-келген емханасына тіркелу. Егер шетелдік адамның тұруға ықтиярхаты болса және ол емханаға тіркелген болса және медициналық көмектің барлық қажетті көлемін ала алатын болса-оларға вакцина да қолжетімді.

Күнделікті бізде шамамен 60 адамға екпе салынады. Екпе салынғандардың барлығының жай-күйі жақсы. Осы уақытқа дейін бейтарап әсерлер анықталмады. Біздің азаматтарымызбен бірге шет ел азаматтары да вакцина алып жатыр. Мысалға, бүгін тұруға ыхтияры бар, қаладағы емханаға тіркелінген Оңтүстік Кореяның 5 азаматы келді. Олардың барлығы вакцина алды, — деді №36 Қалалық емхананың бас дәрігері орынбасарының м. а. Венера Тохтахунова.

Алматы қаласының Наурызбай ауданында 3 мыңға жуық адам екпе алды

Бүгін мен Спутник вакцинасын салдырдым. Мен келгенде қан қысымымды өлшеп, сатурация жүргізіп, тамағымды тексеріп, созылмалы аурудың бар-жоғы туралы сұрады. Тексеріс кезінде барлығы қалыпты болды. Екпенің салынғанын тіпті сезбей қалдым. Содан кабинетке апарды, ол жерде жарты сағаттай отырдым, өзімді жақсы сезіндім. Менің таныстарымның барлығына екпе салынған, мен жұмысым үшін созып жүргенмін. Ауру арашалап өтеді деп үміттенем, осы уақытқа дейін ауырған жоқпын және ауырғым да келмейді. Сол себепті вакцина алуға келдім және де барлығыңызға алуды ұсынамын. Пандемияның тез бітуін тілеймін, — деп қала тұрғыны Ю Чиун өз ойын білдірді.

Алматы қаласының Наурызбай ауданында 3 мыңға жуық адам екпе алды

Наурызбай ауданы бойынша вакцинаны салу №7 Қалалық клиникалық ауруханада, №26, 27, 36 Қалалық емханаларда күнделікті сағ. 8.00-ден 20.00-ге дейін жүргізіледі. №36 Қалалық емханада вакцина салу екінші қабаттағы 209 кабинетте, ал, екінші сатысы — яғни, ревакцинация 1 қабаттағы 104 кабинетте жүргізіліп жатыр.

Екпе алуға тілек білдіргендердің бәрін вакцинацияға шағырамыз, — деп атап өтті N36 ҚЕ маманы.

Естеріңізге сала кетейік, вакцинациялауға өтінімді жеке кабинет немесе Мобайл Egov мобильдік қосымшасы арқылы онлайн беруге болады. Өтінім ақпараттық жүйеде тіркелгеннен кейін мамандар хабарласады. Екінші компонентті алу үшін екі рет өтініш берудің қажеті жоқ. Бір өтінім жеткілікті. Науқас 21 күннен кейін белгілі бір мекен-жайға бару керек екендігі туралы ескерту алады. Онлайн жазылу арқылы кезекке тұрудың қажеті жоқ. Әрбір емханада колл-орталық бар, сондай-ақ 1406 қысқа нөмірі жұмыс істейді.

Өзгелердің жаңалығы