Алматы қаласында 581 сайлау учаскесі бар – Жанна Асанова

8 Қаңтар 2021, 20:00
2381
Бөлісу:
Алматы қаласында 581 сайлау учаскесі бар – Жанна Асанова

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ОСК-да өткен онлайн брифинг кезінде Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Жанна Асанова айтты.

Алматы қаласында 581 сайлау учаскесі бар. Оның 74-і азаматтардың уақытша тіркеуі бойынша арнайы құрылған. Қалада 1,1 млн-нан астам сайлаушы бар. Соларға сәйкес 1 пайыз қосылып, 1 143 647 бюллетень әзірленді. Бюллетендер сайлау учаскелеріне жіберілді. Қазір әр сайлау учаскесі құқық қорғау органдарының арнайы қарауына алынды, - дейді ол.

Сонымен қатар, комиссия төрайымы сайлау учаскелерінің дайындығына тоқталды.

Қазір сайлау учаскелері 100% дайын тұр. Барлық талаптар сақталған. Қазіргі пандемия ахуалына байланысты санитарлық нормалар мен сайлау учаскелерін талапқа сай құрал-жабдықтармен (маска, санитайзер, антисептик) қамтамасыз етілген, - деп атап өтті Асанова.

Ол тиісті роликтер әзірленіп, сайлау учаскелеріне жіберілгенін де айтты.

Аталған 74 сайлау учаскесілерінде дауыс беру кез келген уақытта аяқталуы мүмкін. 4 сайлау учаскесінде дауыс беру сағат таңғы 6-дан басталады. Сайлаушылар дауыс берудің уақыты мен өтетін жерінен хабардар. Жалпы айтқанда, Алматы қаласы сайлауға дайын, - деп қорытындылады баяндамашы.
Өзгелердің жаңалығы