Алматыда инвест форум басталды

27 Қараша 2019, 10:41
7115
Бөлісу:
Алматыда инвест форум басталды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда шетелдік қаржыгерлер мен инвесторлардың қатысуымен Алматы инвестициялық форумы басталды.

Аталған форумның басты міндеті – бизнесті дамытуды ынталандыру, шетелдік инвесторларды тарту және жаңа жұмыс орындарын құру.

Жыл сайын Форум өз алаңында беделді саясаткерлерді, әлемдік және отандық бизнес көшбасшыларын, инвестициялық корпорацияларды, қаржы институттары мен халықаралық ұйымдардың басшыларын қоса алғанда, 500-ге жуық жоғары лауазымды қатысушыларды жинайды.

Форум аясында "Алматыдағы инвестициялық көзқарас: ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктері" тақырыбында пленарлық сессия, "Смарт-сити: адамдар, қалалар және жаңа технологиялар" тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

Бүгінде қала елдің ЖІӨ-нің 20%-дан астамын құрайды. Алматыда халықаралық компаниялар белсенді түрде инвестиция салуда. Соңғы 10 жылда қаланың негізгі капиталына инвестициялар көлемі $25 млрд құраған. Сондай-ақ, қалада ел банктерінің кредиттік портфелінің 60%-ы шоғырланған.

Өзгелердің жаңалығы