Алматы көрермендеріне француз кинематографтарының жаңа туындылары ұсынылады

4 Сәуір 2019, 22:54
1896
Бөлісу:
Алматы көрермендеріне француз кинематографтарының жаңа туындылары ұсынылады

Алматы, BAQ.KZ. Сәуірдің 11-14 аралығында Алматыда жаңа хикаялар мен француз актерлерінің тамаша ойынын тамашалауға шақыратын мерейтойлық оныншы «Бүгінгі француз киносы» кинофестивалі өтеді. 

Биылғы бағдарламаға кірген фильмдер әртүрлі жанрларды: комедияны, мелодраманы, тарихи киноны және «Қысқа метр» бағдарламасын қамтиды.

«Қазіргі француз кинематографтары бұл өзіндік құндылықтары, өзіндік атмосферасы бар кино. Қазір біз зорлық-зомбылық, кісі өлтіру көп қылмыстық кино дәуірінде өмір сүріп жатырмыз. Ал француз киносы бұрынғыша жанға жылу сыйлайтын күйде. Және бұл тек комедияларға немесе мелодрамаларға ғана қатысты емес. Биылғы бағдарламада «Аманданың жаңа өмірі» деген драма бар. Онда 24 жастағы жігіт өз әпкесінің өлімінен кейін 7 жасар немере қарындасына бас-көз болып қалады. Бұл осыған дейін тек мансабымен және қыз-қырқынмен бас қатырған жас жігіттің өмірін баяндаудағы жаңа тәсіл. Күтпеген жерден жас жігіт кішкентай қызға әке де, ана да болуы керек. Маған француз киносының жылу сыйлайтыны ұнайды. Және француз киносында тамаша актерлер ойнайды. Айтқандай, биыл көрсетілетін фильмдерде жаңа актерлердің есімдері көп болады»,-дейді өнертану докторы, Қазақстанның киносыншылар қауымдастығының президенті Гүлнәр Әбікеева.

Фестивальдің ашылуы мен жабылуы, сонымен қатар негізгі көрсетілімдері UniFrance агенттігі мен оның серіктестері – Францияның Қазақстандағы Елшілігі және Алматыдағы Француз Альянсы ұйымдастырған фестивальдің басты алаңына айналған «Арман» киноорталығында өтеді.

Өзгелердің жаңалығы