Бас жаңалықтар
Алматыда 8,3 млрд теңге тұратын жобалар қаржыландырылады
18 Қаңтар 2021, 12:12 170

Алматыда 8,3 млрд теңге тұратын жобалар қаржыландырылады

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. «Almaty Finance» компаниясы 8,3 млрд теңге сомаға 42 жобаның қаржыландырылуын мақұлдады. Бұл туралы басқарма төрағасының орынбасары Заңғар Сәлімбаев онлайн брифингте айтты.

«Almaty Finance» несиелік ұйымы 2019 жылы Бақытжан Сағынтаевтың бастамасымен бизнесті қолдау аясында құрылған.

Заңғар Сәлімбаевтың айтуынша, биыл 26 жоба 6,8 миллиард теңге көлемінде қаржыландырылды, ал 800 миллион теңге сомасындағы жобалар егжей-тегжейлі пысықталуда. Бұл жобаларды іске асыру жүзден астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік бермек.

Қазір біз тамақ және жеңіл өнеркәсіп, IT саласы, индустрия жобаларын іске асыру үшін несие береміз. Сондай-ақ, сервистік орталықтар мен өнеркәсіптік парктер, әлеуметітк сала, оның ішінде бала бақшалар, мектептер, медициналық орталықтар, мәдениет нысандары мен спорт алаңдарын салуды және дамытуды қаржыландырамыз. «Almaty Finance» несиесін алғанда ешқандай комиссия қарастырылмайды. Егер несие алушыға қандайда бір қаржы берілетін болып шешілсе, ол шотына бүтіндей түседі, - дейді Заңғар Сәлімбаев.

Берілген қарыздардың ең көп саны жеңіл өнеркәсіп жобаларына – 6 жоба, жиһаз өнеркәсібі – 5 жоба, денсаулық сақтау – 4 жоба, білім беру және спорт – 2 жоба. Осы салалардағы жобаларды іске асыру үшін берілген қарыздар сомасы шамамен 6 млрд теңгені құрайды.

Спикердің айтуынша, пандемияға байланысты жүйелік негізде бизнес өкілдерімен кездесулер өткізілген. 

Біз өз бағыттарымызды қайта қарадық және қазіргі уақытта өзіміз үшін 7 басым бағытты айқындадық. Олардың арасында креативті индустрия, ойын-сауық, әлеуметтік нысандар құрылысы, үй жанындағы дүкендер желісі, өндірістік секторды дамыту және қызмет көрсету саласының орталықтарын кеңейту, стационарлық емес сауда нүктелерін құру, сондай-ақ өңдеу өнеркәсібін одан әрі дамыту бар. Бүгінгі таңда біз осы 7 бағытқа назар аударып отырмыз. Қазіргі уақытта бұл бағыттар Алматы кәсіпкерлерінде сұранысқа ие. Қазіргі пандемияға байланысты көптеген кәсіпорындар басқа бағыттар мен әртараптандыруға жүгінеді. Көбісі қазір медицина мен басқа салаларға ауысуда, - дейді ол.

Компания тек Алматы қаласында тіркелген ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп тұрған бизнесті қаржыландырады. Несиелеу жылдық 2%-бен теңгемен беріледі – өнеркәсіптік паркте бизнесті іске асыратындар үшін максималды қарыз сомасы 70 миллион теңге және 6% – бизнестің қалған бағыттары үшін 500 миллион теңгеге дейінгі несиелеу лимитімен. Несие беру мерзімі – жеті жылға дейін, нысаналы мақсаты – айналым қаражатын толықтыру және инвестициялық мақсаттар.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...