Алматыда 120 көшеге жарық диотты шамдар орнатылады

18 Ақпан 2019, 15:59
2844
Бөлісу:
Алматыда 120 көшеге жарық диотты шамдар орнатылады

Алматы, BAQ.KZ. Ыңғайлы әрі қауіпсіз орта құру мақсатында көшелерді жарықтандыру жүйесі жаңартылып және Алматы қаласының көрнекті нысандарының сәулетті жарықтандыруын орнату жалғасуда. 

Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының мәліметтері бойынша, соңғы бірнеше айда Алматы көшелеріндегі жарықтандырудың 30%-ы энергия үнемдейтін шамдарға ауыстырылған. Сонымен қатар, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында 1400 км сыртқы жарықтандыру желілерін жаңғырту жоспарланып отыр, соның аясында 42 мыңнан астам цилиндрлік және 46 мыңға жуық LED-шамдары орнатылады.

«Биылғы жылы Алматыда қалалық кеңістікті жаңарту жалғасады. Бүгінгі күні қаланың тарихи орталығының үштен екісі қайта қалпына келтіріліп, 524 көше мен 1400-ге жуық аула қайта жөндеуден өтті. 300 км арық пен 1000 км инженерлік желілер ауыстырылды. Қаланың барлық жерасты өткелдері жаңартылды»,-делінген хабарламада.

Сондай-ақ көліктік реформаны жүзеге асыру аясында өткен жылы қала маршруттарына 500 жаңа автобус енгізілген. Биыл да қаладағы автобус парктерін жаңарту жалғасатын таппақ.

Өзгелердің жаңалығы