Алматы бойынша 245 мыңнан астам ПТР тест жүргізілді

6 Шілде 2020, 16:33
1372
Бөлісу:
Алматы бойынша 245 мыңнан астам ПТР тест жүргізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында "Алматы қаласындағы КВИ бойынша ағымдағы жағдай" тақырыбында өткен онлайн брифинг барысында ПТР-тестілеу жұмыстарына қатысты мәліметтермен бөлісті.

Қаладағы барлық зертхана іске қосылған. Осыдан он күн бұрын жекеменшік зертханаларда реагенттердің таусылып қалуына байланысты тестілеу жүйесінде үзіліс болды. Сонымен қатар, Ұлттық сараптама орталығының филиалындағы 30-ға тарта қызметкері вирус жұқтырып, жұмысты тоқтата тұруға тура келді. Қазіргі таңда жұмыс жолға қойылған. Ұлттық сараптама орталығы филиалының ірі зертханасы, модульді зертхана, жекеменшік зертханалар және республикалық орталықтардың кішігірім зертханалары да іске кіріскен. Ертең жедел медициналық көмек емханасын аясында тағы бір жекеменшік зертхана жұмысын бастамақ. Жақын күндері тағы бір жеке меншік клиника базасында тағы бір зертхана ашу жоспарда бар. Осы бағытта біз халықты тестілеуде алға қойған тиісті міндетті орындаймыз деп үміттенеміз, - деді әкім.

Бақытжан Сағынтаев бүгінде 245 мыңнан астам ПТР тест жүргізілгенін айтты.

Қала әкімі бұған дейін қала бойынша эпидемиологиялық жағдай күрделі, бірақ бақылауда екенін, стационарларға күнде 100-ге жуық пациент түсетінін және 
интернет арқылы дәрі сатқандарға заң жүзінде шара қолданылатынын мәлімдеген болатын.

Өзгелердің жаңалығы