«Алматы бизнес 2020-2025» нәтижесі пандемияға қарамастан жемісті болды

5 Қаңтар 2021, 16:38
1148
Бөлісу:
«Алматы бизнес 2020-2025» нәтижесі пандемияға қарамастан жемісті болды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестиция басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин өңірлік коммуникация қызметі алаңында өткен онлайн брифингте айтты.

Оның айтуынша, 2020 жыл кәсіпкерлер үшін оңай болмады. Өйткені өткен жылдың 11 айында Алматыдағы сауда саласы 4 пайызға дейін төмендеген. Ал, инвестиция саласы 900 млрд теңге дейін өсті деген болжам бар, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 110% артық.

Өндіріс саласы 11 айдың қорытындысы бойынша 105,7%-ға өскен, өндірістік компаниялардың жылдың соңына дейін шығарған өнімдерін есепке алсақ бұл көрсеткіш шамамен 106-107%-ға дейін жетуі әбден мүмкін,-дейді Оразалин.

Сонымен қатар ол 2019 жылы қолға алынған өңірлік «Алматы бизнес 2020-2025» бағдарламасының жұмысына тоқталды.

Бұл бағдарлама ашылғанда басты 5 институтционалды бағытқа басымдық берген едік. Олардың ішінде Qoldau кәсіпкерлікті қолдау орталығын құру, қарыз беру бойынша жеке микро қаржылық институттарды құру, Алматы аумағында өндірістік парктерді құру бар. Өткен жылы пандемияға қарамастан бұл бағытта жемісті жұмыс атқарылды. Мәселен, Qoldau орталығы арқылы кәсіпкерлерге 90 мыңнан астам консультатциялық көмек көрсетілген. Сонымен қатар бір терезе қағидаты бойынша 500-ден аса рұқсат құжаттары берілген. Ол жерде рұқсат құжаттарын беретін барлық мемлекеттік органдар тоғыстырлған. Яғни, сумен қамту, электрмен қуатымен, өрт қауіпсіздігі және тағы басқа қызметтер де сонда. Жалпы мұндай рұқсат алу құжаттарының саны екі жүзге жетеді,-дейді ол.



Өзгелердің жаңалығы