Алматыдағы науқастардың бірінің жағдайы нашар

27 Наурыз 2020, 12:26
1922
Бөлісу:
Алматыдағы науқастардың бірінің жағдайы нашар
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Алматы, BAQ.KZ тілшісі.  Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық Басқарма басшысы Тілеухан Әбілдаев коронавиурс жұқтырған науқастардың денсаулығына қатысты түсінік берді. 

Оның айтуынша, қазір қала бойынша коронавирус инфекциясы бар 48 жағдай тіркелген. Қаланың жұқпалы аурулар стационарында 47 науқас бар және 1 адам жазылған. 

Жаңадан анықталған 5 адамның төртеуі 26 наурыз күні Минск-Алматы рейсімен ұшып келді. Екеуі 26 наурызда Мәскеу-Алматы рейсімен келді. Ауырғандардың бірі 15 наурызда Стамбұл-Алматы рейсімен ұшып келген. 18 наурызда жақын байланыс жасаушы ретінде оқшауланған. Бастапқы талдау қорытындылары теріс нәтиже берген. Осы жылдың 26 наурызында талдауды қайта тапсырған кезде оң нәтиже шықты. Осы уақыт бойы ол оқшаулануда болды,-деді ол. 

Сонымен қатар, ол жалпы 45 науқастың жай-күйі қанағаттанарлық екенін, тек өкпенің желдету аппаратын қолданып жатқан әйелдің жағдайы ауырлағанын жеткізді.  Сондай-ақ бір баланың жағдайы орташа дәрежеде жақсарған.

Кеше бір науқас шығарылды. Ол енді медицина қызметкерлерінің 14 күндік бақылауымен үйінде болады. Қазіргі уақытта провизорлық орталықтарда 1999 адам бар, оның ішінде 72-сі бала. Карантиндік орталықтарда 471 адам бар, үй карантинінде 2037 адам бар. Карантиндегі барлық адамның дене температурасы қалыпты жағдайда. Котаралдық симптомдары жоқ,-деді басқарма басшысы. 

Сондай-ақ ол, елге ұшып келгендердің бәрі екі күндік карантинге орналастырылып, олардан талдау алынатынын айтты.  Егер олардан инфекция шықпаса үйлеріне жіберіледі. Мұның бәрі халық арасында коронавирус инфекциясын таратпау үшін жасалуда.

Сонымен қатар ол, Нұр-Сұлтан қаласында қайтыс болған науқастың бұған дейін Алматыға келгенін және онымен байланыста болғандардың бәрі іздестіріліп жатқанын айтты.

Қазір қалада онымен байланыста болған 6 адам анықталды. Олардың бәрі провизорлық карантинге жабылды,-деді ол.

Әбілдаев сондай-ақ ем қабылдап жатқан екі баланың денсаулығына тоқталды.

Бір баланың жағдайы қалыпты, денсаулығы жақсы. Анализі теріс нәтиже көрсетті. Екінші бала орта ауыр жағдайында. Дегенмен жақсарып келе жатқан динамика байқалады,-деді басқарма басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, кеше елімізде коронавирус індетінен бір науқас қайтыс болған болатын. Ал қазіргі мәлімет бойынша вирус жұқтырған науқастар саны 120-дан асты.

Өзгелердің жаңалығы